Выпускной учеников 11 класса

Он бір жыл бойы оқыған алтын ұяңмен қоштасу өте қиын сәт. Жан-дүниең құлазып, он екі мүшеңнің бірін жұлып алғандай сезімде боласың. Кейде еріксіз көзіңе жас аласың. Сыныптастарыңмен, ұстаздарыңмен өмір атты ұзақ жолда әлі талай жолығатыныңды сезінгеніңмен, сурет естеліктердің бар екенін жақсы білгеніңмен, басыңнан өткерген тәтті күндер енді қайтып келмейді…
Өмір бір сәтке тоқтаған секілді. Ұстаздар мен оқушылар қамқоршың болып, бала күніңнен туған бауырыңа айналған. Енді оларды күнде, қалаған уақытыңда көре алмайсың. Әркімнің өзіне тиесілі жеке өмірі бар. Бәрі армандаған ЖОО-на түсіп, ересек өмірмен танысады.
Енді өткен өміріңізге қарап, оны бағалайтындығыңызды, көп тәжірибе бергені үшін алғысыңызды, естеліктердің мәңгілік жадыңызда қалатынын айтатын уақыт келді. Ең бастысы, барлығының жалғасатындығына өзіңіздің сенгендігіңіз.

Ұмытпаңыз, алтын ұя мектебіңді,
Ұстазыңды, балалық шақ көктеміңді.
Орындап мақсат-міндет, арманыңды
Жасай бер, туған елге еңбегіңді.