Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні – бұл ұлт бірлігінің мерекесі, ел Тәуелсіздігінің құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау күні.
Кез келген мемлекеттің міндетті атрибуттары – Елтаңба, Ту, Гимн, оның бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің тарихы еліміздің жаңа тарихымен тығыз байланысты.
1992 жылғы 4 маусымда еліміздің жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Оларды құрметтеу – ол әр азаматтың қасиетті парызы мен міндеті.
«Мемлекеттік рәміздер – ол біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші бейнесін білдіреді», – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөздерінің бірінде атап өтті. Күн шуағы, қалықтаған қыран бейнесі бар көгілдір ту және ортасында шаңырақ бейнесі орналасқан Елтаңба еліміздің барлық тұрғындары үшін ортақ үйдің символы ретінде әлемге Қазақстан Республикасының жаңа тәуелсіз мемлекетінің бейнесін көрсетті.
Мемлекеттік ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн – ұлттық құндылығымыз, еліміздің тарихына, мемлекеттік тілге, мәдениетке және дәстүріне деген терең құрмет көзі.
Мемлекеттік рәміздер Отанымыздың тағдырындағы маңызды сәттерде біріктіреді – ұлттық мерекелерден бастап спорт жетістеріне дейін. Ресми халықаралық іс-шараларда Отанымыздың Гимні шырқалған кезде немесе аспан түстес Туымыз биікке шарықтаған кезде, әр қазақстандық мақтаныш пен патриоттық сезімге бөленеді.
Мемлекеттік рәміздер Мемлекеттік рәміздер мемлекет Басшысы жүргізіп отырған саясат негізге алынған құндылықтарды бейнелейді. Ол – ашықтық, бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздік және келісім. Сондықтан Мемлекеттік рәміздер мемлекет азаматтары үшін, өскелең ұрпақ үшін үлкен адамгершілік мәнге ие.
Бүгінгі мерекелік күнімен құттықтаймыз, бақыт пен бейбітшілік тілейміз, аспанымыз ашық болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *