Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн

Әйелдерге қатысты құқықты шектейтін барлық түрлерін жою туралы   Конвенция ережесіне сәйкес 25 қараша күні әйелдерге қатысты Халықаралық зорлық-зомбылықты жою күні жыл сайын аталады.
Негізгі акция мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамда отбасы рөлін нығайтуға бағытталып қабылданатын шаралар туралы қалың бұқара халқын таныстыру мақсатында 25 қараша – 10 желтоқсан 2019 ж. мерзімінде ГУ «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі Б. Момышұлы атындағы №5 орта мектебі» ММ-де «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіледі, оның шеңберінде іс-шаралар жоспары құрастырылды.
25 қараша – 10 желтоқсан 2019 жылы әйелдерді жәбірлеу фактін анықтау, олардың құқықтарын қорғау, қолайсыз отбасынан балаларды және қараусыз қалған балаларды анықтау мақсатында рейд іс-шаралары өткізілді.
Рейд барысында қолайсыз отбасына бару ұйымдастырылды, 11.12.2019 жылы мектепте ондай отбасы жоқ, бірақ өткен жылы болған отбасына  барды: Белоус Р.М., Ткаченко О.И., Воробьева Н.И., Кенжебаева Т.А., Прозоровской Т.В., сонымен бірге Григорьева А, ГЮП есебінде тұрған 9 сынып оқушысы. Рейдке мектеп инспекторы, әлеуметтік педагог, психолог, сынып жетекшілер қатысты. Осы мерзімде 6 пәтерге барды, әңгімелесу кезінде «Тұрмыс зорлық-зомбылығын алдын алу туралы» ҚР Заңын түсіндіру, сонымен бірге «Зорлық-зомбылық дегеніміз не және отбасында жәбірленушілік болса, не істеу керек?» тақырыбы бойынша  кеңесу өткізілді. Зорлық факті анықталмады.
Сынып жетекшілер «Бақытты болғым келеді» әйелдерге арналған ата-ана лекториясын өткізді, оған ата-ана, мектеп педагогтары, психолог мамандары, мектеп инспекторы, әлеуметтік педагог қатысты. Лекция барысында әйелдерге қатал қатынасымен байланысты проблемалар, алдын алу жұмысының шаралары  талқыланды.
Психолог жоғары сыныптарда «Бір-біріңмен араласа біл» атты тренинг өткізді, онда зорлық-зомбылықты болдырмау және онымен күрес шаралары,  мемлекет зорлық-зомбылық құрбаны болғандарға тиісті көмек беру (жәбірлеушіге әсер етуден бастап, жәбірленушіге әр түрлі көмек беру, мысалы, психологиялық оңалтумен аяқтау) туралы айтылды. Халық арасында жұмысты белсендіру және құқық сауаттылығы деңгейін арттыру мақсатында  «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Республикалық акциясын жүзеге асыру шеңберінде акция мерзімінде «ҚР әйелдер құқықтары» психологиялық қызметінің кеңес беру орталығы жұмыс істеді. Жүгіну болмады.